
Қытайда Foxconn Technology Group-қа тиесілі iPhone шығаратын зауытта алапат өрт болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Sohu порталына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, куәгерлер ғимараттағы ондаған метрге көтерілген жалынды ғана емес, жарылыстарды да естіген. Зауыт Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Шэнчжэн қаласында орналасқан.
Foxconn өрттің тез жойылғанын хабарлады, қазір оның себебі анықталып жатыр. Компания өкілдері төтенше жағдай салдарынан адамдар мен өндіріс зардап шекпегенін айтты.
э
Shenzhen Guanlan Foxconn — Apple-дың бүкіл әлемдегі сатыпалушылар үшін iPhone-ның алғашқы модельдерінен бастап Phone 12-ге дейін шығаратын маңызды өндірістік базасы. Зауытта 100 мыңнан аса адам еңбек етеді.
Алдыңғы жылдары iPhone және IPad шығаратын зауыттарда ауадағы жанғыш шаңның салдарынан өрт болған. Ол кезде адамдар қайтыс болған.