jasqazaq.kz

Қытайда «Хагупит» тайфуны салдарынан жүздеген мың адам қауіпсіз жерге шығарылды

04 тамыз 2020, 16:46

Сейсенбіге қараған түні Қытайдың шығыс бөлігінің Чжэцзян провинциясында Hagupit (Хагупит) тайфуны басталды. Бұл – биыл Қытайда болған төртінші тайфун, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХР Ұлттық метеорология орталығы тайфун ел жағалауында жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 3:30-да басталғандығын мәлім етті. Оның жылдамдығы секундына 38 метрге дейін жеткен.

Тайфунмен бірге, Чжэцзян және Фуцзянь провинцияларында нөсер жауын жауып, қатты жел соға бастады.

Метеорологтар тайфунның Қытайдың солтүстігіне қозғалып, қарқыны сол жерде басыла түсетінін ескертеді. Дауыл ел аумағында сейсенбінің кешінде басылып, одан кейін Корея түбегінің батыс жағына қарай ығысады.

Дүйсенбі күні сағат кешкі 10-ға қарай Чжэцзян провинциясында 381 375 адам қауіпсіз жерге шығарылған.

Фуцзянь провинциясында тайфун салдарынан теміржол тасымалы мен құрылыс жұмыстары тоқтатылған.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі