jasqazaq.kz

Қытайда H3N8 құс тұмауының адамға жұққаны анықталды

27 сәуiр 2022, 10:55

Хэнань провинциясында (Орталық Қытай) H3N8 құс тұмауы вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаға сәйкес, H3N8 құс тұмауының штамын жұқтыру оқиғасы орталық Хэнань провинциясындағы Чумадян қаласында тұратын төрт жастағы балада анықталды. Оның үйінің ауласында үй құстары болған, тұрғын үйлердің жанында жабайы үйректер мекендеген.

Сәуірдің 5-і күні баланың дене қызуы көтеріліп, 10 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты жергілікті медициналық мекемеге жатқызылған. 24 сәуірде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы науқастың құс тұмауының H3N8 штамын жұқтырғанын растады.

«Қытай эпидемиологтарының пікірінше, бұл H3N8 құс тұмауының вирусы құстан адамға кездейсоқ таралуы болып саналады және кең ауқымды індет қаупі әзірге төмен», — делінген құжатта.

H3N8 тұмауының штамы жылқыларда, иттерде, құс етінде және итбалықтарда кездеседі. Алайда бұрын вирустың осы штамымен адам ауруы тіркелмеген. Қытай сарапшылары халыққа ауру және өлі құстармен сондай-ақ мүмкіндігінше тірі құстармен де тікелей байланыста болмауға, тамақтану гигиенасын сақтап, шикі және дайын өнімдерді бөлек өңдеуге кеңес береді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр