jasqazaq.kz

Қытайда газ жарылысынан 12 адам қаза болып, 138 адам зардап шекті

14 маусым 2021, 11:43

Хубэй (Орталық Қытай) провинциясының Шиянь қаласындағы базарлардың бірінде тұрмыстық газ жарылысынан 12 адам қаза тауып, 138 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Тұрмыстық газ жарылысы жексенбіде Шиянь қалалық округінің (Хубэй провинциясы) Чжанвань ауданында болды. Соның салдарынан өткен ғасырдың 90-жылдарының басында салынған базардың екі қабатты ғимараты толығымен қирады. Оның бірінші қабатында 19 сауда павильоны болған. Бұдан бөлек, жолдың арғы бетінде 46 сауда нүктесі орналасқан. Іздестіру-құтқару операциясына түрлі шұғыл қызметтердің 2 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды. Үйінді астынан 138 адам құтқарылды, барлық зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. 37 адамның жағдайы ауыр деп бағаланады. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин тиісті ведомстволар мен жергілікті билік органдарына газ жарылысынан зардап шеккен адамдарды құтқару және оқиғаның себептерін уақтылы тергеуге бар күш-жігерін салуды тапсырды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия