
25 қаңтарда таңертең жергілікті уақытпен сағат 6 шамасында Қытайдың Ляонин провинциясындағы Далянь қаласында табиғи газ құбыры жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтемемен. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған. Жарылыс құбырдан газдың шығуы салдарынан болған. Қазіргі уақытта жарақат алғандар ауруханада ем алып жатыр. Жергілікті мемлекеттік органдар мен полиция апаттың себебін анықтау үшін тергеу жұмысын жүргізуде.
https://youtu.be/8d1wzckd_pY