jasqazaq.kz

Қытайда бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

22 сәуiр 2022, 15:35

Бейсенбі күні құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырудың расталған 2 119 жағдайы тіркелді. Оның 1 931-і Шанхайдан анықталды. Бұл туралы  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Шанхайдан бөлек, елдің провинциялық деңгейдегі өзге 17 әкімшілік бөлімшесінен де коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тіркелді. Олардың 63-і Цзилинь провинциясынан (Солтүстік-Шығыс Қытай) және біреуі Бейжіңде анықталды.

Бейсенбіде елдің материктік бөлігінде коронавирустың 16 383 жаңа симптомсыз тасымалдаушысы белгілі болды. Олар – жергілікті жерде жұқтырғандар, оның 15 698-і Шанхайдан анықталды.

Елде осы күні 2 730 пациент сауығып шықты. Бейсенбі күнгі жағдай бойынша COVID-19 диагнозы расталған 30 813 науқас елдің құрлықтық бөлігіндегі медициналық мекемелерде ем қабылдауда.

«Кеше Шанхайда коронавирустан адам 11 көз жұмды. Осылайша құрлықтық Қытайда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 4 674 адамды құрады», — деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөгіндегі мемлекеттік комитеті.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр