jasqazaq.kz

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысы өтті

03 қыркүйек 2019, 13:39

Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы өткенін жария етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Бүгін Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өтті. Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды. Отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты. Кездесу сағат 10.00-нан бастап (Гуанчжоу уақыты) 2 сағаттан астам уақытқа созылды», — деп ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы парақшасында. Министрліктің хабарлауынша, Ақжарқын Тұрлыбайдың денсаулығы жақсы. Сотта өзін-өзі жақсы ұстап, сот тарапынан қойылған сұрақтарға өз бетінше қытай тілінде түсініктеме берген. «Үкімнің жарияланатын күні ашық», делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде