jasqazaq.kz

Қытайда адамды жерлеуге тыйым салып жатыр

31 шiлде 2018, 14:31

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясының билігі жер ресурстарын сақтау үшін «тек кремация» (мәйітті өртеу) саясатын енгізу шараларын қолға алды. Қазір жергілікті билік тұрғындардан дайын табыттарды күшпен тәркілеп, жерлеу рәсіміне тыйым салуда.

Провинция үкіметі кремацияны мәйітті жоюдың жалғыз рұқсат етілген әдісі етуді көздеп отыр. Провинцияның біраз қаласында билік жер ресурстарын сақтау үшін «кремация» саясатын осы жылдың қыркүйегіне дейін толығымен енгізбекші, деп жазады РИА Новости.

Өткен демалыстарда Қытайдың әлеуметтік желілерінде тараған суреттер мен видеоларға сүйенсек, шенеуніктер Ганьчжоу, Цзянь және Ичунь округтерінде жергілікті ауыл тұрғындарынан табыттарды күшпен тартып алған. Таудай болып үйілген ағаш табыттарды экскаватордың көмегімен жойды, кейбір қарт тұрғындар табытты сақтау үшін ішіне жатып алған.

Билік кремация бастамасын көтергенде, табыттарды сатып алу мен оларды дайындауға тыйым салған болатын. Ал провинция билігі жергілікті халықтың үйлеріндегі табыттарды тәркілеумен айналысқан еді. Жергілікті тұрғынның айтуынша, кедей отбасылар табыт дайындауға қажетті 5 мың юаньді ұзақ жылдар жинайды, алайда билік өтемақы ретінде тек екі мың юань ұсынып отыр. Шенеуніктер тек табытқа ғана емес, құлпытастар мен қағаз ақшаға да тыйым салған.

Дереккөз: sputniknews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді