jasqazaq.kz

Қытайда 44 адам пневмонияның беймәлім түріне шалдықты

03 қантар 2020, 22:49

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында 44 адам пневмонияның белгісіз түріне шалдықты.Бұл туралы  қалалық денсаулық сақтау жөніндегі комитетке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Бүгінгі соңғы мәліметке сәйкес вирусты пневмонияны 44 адам жұқтырды. 11 адамның жағдайы ауыр. Қалған пациенттердің халі тұрақты деп бағаланып отыр» делінген комитет хабарламасында.

Қазіргі таңда барлық науқастар Ухань қаласының медициналық мекемелерінде ем алып жатыр. Олармен тығыз қарым-қатынаста болған тағы 121 адам бақылауда.

Сонымен бірге South China Morning Post мәліметінше, Гонконгта да екі адам вирусты пневмония жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. Мегаполисте «тылсым» пневмонияның таралуына жол бермес үшін қосымша шаралар қабылданды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде