jasqazaq.kz

Қытайда 4,4 миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

14 мамыр 2020, 10:07

Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзилинь қаласында 4,4 миллионға жуық адам тұрады. Бұл қалада коронавирус жағдайының жиілеуіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді, — деп хабарлайды South China Morning Post.

Жақында осындай атауы бар провинцияда COVID-19 жұқтырған алты жағдай тіркелді. Ал апта бұрын 15 адамнан коронавирус анықталып, оның екеуі симптомсыз болған.

Бұл жағдайдың барлығы Цзилинмен көрші тұрған Шулань қаласында кір жуатын жерде жұмыс істейтін 45 жастағы әйелмен байланысты болып отыр. Ол 7 мамырда COVID-19 анықтауға тест тапсырғанда нәтижесі оң болып шыққан.

Әйелдің қалай жұқтырғаны әлі күнге дейін белгісіз. Себебі провинцияда 73 күн бойы жергілікті тұрғындардың арасынан жұқтырған жағдайлар тіркелмеген. Әйел қаладан шықпаған және шетелден келгендермен байланыспаған.

Цзилинь билігі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны болуынан қорқып, қатаң шараларды қабылдады. Пойыздар мен қалааралық автобустар тоқтады, мектептер, қоғамдық және ойын-сауық орталықтары жабылдады. Кинотеатрлар, парктер, стадиондар және интернет-кафелер жабылып, жиналуға тыйым салынды.

Қаладан шығу үшін тұрғындар коронавирусқа тест тапсыруы керек.

«Қазіргі аурудың жиілеуі өте ауыр және әрі қарай тарап кетуінен қауіп бар», — деді қаланың вице-мэрі Гай Допнин.

tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия