jasqazaq.kz

Қытайда 28 адам тайфуннан көз жұмды

11 тамыз 2019, 15:17

Демалыс күндері Қытайдың шығыс жағалауларына келіп соғылған «Лекима» тайфунынан құрбан болғандар саны 28 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат  Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті билік жексенбіде 20 адамның хабар-ошарсыз кеткенін де мәлімдеді. Алапат дауыл салдарынан 1,08 миллион адам қауіпсіз жерге көшірілді, Чжэцзян провинциясында 5 миллион адам зардап шеккен. «Лекима» Қытайдың шығыс жағалауына сенбі күні таңғы 1:45-те жеткен. Тайфун өзімен бірге нөсер алып келді. Юцзя уезінде толассыз жауған нөсерден су тасқыны болды. Синоптиктер бүгін алапат дауыл Шаньдун провинциясына жетеді деп болжап отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда