jasqazaq.kz

Қытайда 200 жазасын өтеуші коронавирус жұқтырған

21 ақпан 2020, 11:32

Қытайдың шығысында Шаньдун провинциясының түзеу мекемесінде 200 жазасын өтеуші коронавирус жұқтырған. Бұл туралы жұма күні елдің Гигиена және денсаулық сақтар істері жөніндегі комитет басшысы Си Янь брифинг барысында мәлімдеді.

Шаньдун провинциясының түзеу мекемесінде вирустың өршуі салдарынан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 207 расталған жағдай анықталды. 207 ауру жұқтырған адамның жетеуі – түрме қызметкерлері. Жалпы алғанда өткен тәулікте (20 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) материктік Қытайда коронавирус жұқтырған 889 жаңа жағдай анықталды, 118 адам көз жұмса, 2109 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Соңғы мәліметтер бойынша ҚХР-да коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны — 75 465, 2236-сы — қаза тапса, сауығып, ауруханадан шығарылғандары – 18 264 адам. Қазіргі уақытта 120 мыңнан астам адам науқастармен тығыз байланыста болған, олар медициналық бақылауда. Гонконгте ауру жұқтырудың 68 расталған жағдайы тіркелді, Макаода (Аомэнь) – 10, Тайваньда – 24. Соңғы деректер бойынша, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) үшінші күн қатарынан коронавирус ауруын жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Жалпы, Іле-қазақ автономиялық өлкесінде (ІҚАӨ) коронавирус ауруының 76 жағдайы тіркелген, оның ішінде ШҰАӨ-нің Іле-Қазақ автономиялық өлкесінде — 18, Үрімші қаласында – 23. Қазіргі уақытта Шыңжаңда 6 мыңнан астам адам медициналық бақылауда.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия