jasqazaq.kz

Қытай жалауы емес екен

13 қыркүйек 2019, 13:15


Желіде кейбір қолданушылар Шымкентте құрылысы жүріп жатқан үйде ілінген қызыл матаны Қытайдың туы деп ойлаған. Қала әкімдігінің өкілдері даулы видеоға қатысты пікір білдірді.

Шымкент қалалық әкімдігінің ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаеваның айтуынша, бұл видеода ілініп тұрған Қытай туы емес, өлшем белгісі ретінде ілінген қызыл мата. «Желіде жүрген видео, бұл жерде ешқандай Қытай туы емес, өлшем белгісі ретінде ілінген қызыл түсті мата болатын. Кеше алынып тасталды», — деп пікір білдірді басқарма басшысы. Айта кетейік, мұның алдында Facebook желісінде Шымкентте Қытай туы ілінді деген атаумен видеоролик жарияланғаны хабарланған. Кадр сыртындағы дауыс салынып жатқан үйдің төбесінде Қытай туы ілінді дейді. «Тойхана «Екі жұлдыз», «Ұлытау», қарсы жақта «Шымкент Sity» құрылысы жүріп жатыр. Қазақ жерінде Қытай туы желбіреп тұр. Сіздер қазақ туын Қытайға барып іліп көріңіздер», — дейді кадр сыртындағы дауыс.

Оқырмандардың кейбірі оған қатысты «Қандай мақсатпен қойды екен жалауын», «Алып тастау керек» деп пікір қалдырған. Артынша сол құрылысты салып жатқандар бұл видеоға жауап ретінде ролик түсіріп, жариялаған. Құрылыспен айналысқандардың бірі өзін Өмірзақ Кереңқұлов деп таныстырып, даулы видеода Қытай туы емес, қарапайым қызыл мата ілінгенін айтады. «Мен, Өмірзақ Кереңқұлов, Қазақстан Республикасының азаматымын. Біз бір топ жұмысшылар осында жұмыс істейміз. Біз бұл қызыл матаны көз тимеуі үшін ырымға ілдік. Себебі жұмыс жақсы жүріп бара жатыр. Біреулер түсіріп, халық арасына іріткі салу үшін бе, білмеймін, таратып жіберіпті. Бұл қарапайым қызыл мата. Міне, көріңіздер. Қытайдың ешқандай жалауы жоқ», — деген ер адам матаның арғы бетін де камераға көрсетеді.

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда