jasqazaq.kz

Қытай тұрғындары үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды

15 қазан 2018, 11:26

Тибет өңірі мен Сычуань провинциясындағы ірі лай көшкіні салдарынан елді мекендерді су басу қаупі төніп тұр.

Қытайдың билік өкілдері Тибет автономды ауданы мен Сычуань провинциясынан 24,5 мыңнан астам адамды эвакуациялады. Ірі лай көшкіні Цзиньша өзенін бөгеп, салдарынан су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.

Ғасыр соңына қарай Қытайдың солтүстігінде халық жаппай қырылуы мүмкін

Жұма күні кешке басқарманың бұйрығымен зардап шеккен аудандар мен Сычуань провинциясындағы қауіп төніп тұрған аудандардан 11 мыңнан астам адам эвакуацияланды, ал Тибет автономды ауданында – 13,6 мың адам.

Лай көшкіні бейсенбі күні Янцзы өзенінің жоғарғы жағынан басталып, Тибет пен Сычуань шекарасында Цзиньша өзенінің арнасын бөгеп тастады, көпірлер мен зауыттардың қирауы салдарынан кей елді мекендерге апартын жолдар жабылып қалған. Сонымен бірге бөгет көлі де жабылып, салдарынан су деңгейі көтерілді. Билік өкілдері тапсырма бергендей, су деңгейі туралы мәлімет әр он минут сайын хабарланып отыр.

Су деңгейінің көтерілуі салдарынан зардап шеккен аудандарда біршама үй мен ғимарат қирады.

Құтқарушылар зардап шеккен аудан тұрғындары мен эвакуацияланған халыққа қажетті заттарды, ас-су мен дәрі-дәрмекті уақытылы жеткізіп жатыр.

Дереккөз: alashainasy.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді