jasqazaq.kz

Қытай теңізге көпір салды (видео)

23 қазан 2018, 14:14

Қытай өзенге емес, теңіз бетіне көпір салды. Ол Қытайдың Гонконг, Макао және Чжухай қалаларын жалғап жатыр. Әлемдегі ең ұзын көпір 55 шақырым қашықтықты алып жатыр. Бұл туралы russian.news.cn хабарлады. Көпірдің ашылуына ҚХР президенті Си Цзиньпин қатысты. 24 қазаннан бастап жол қозғалысы ашылады. Көпір Гонконг пен Чжухай арасын 3 сағаттан 30 минутқа қысқаратыпты.

Көпірде көліктер үшін 6 жолақ сызылған. 55 шақырымдық көпірдің 22.9 километрі су асты тунелі. 6.7 шақырымы жасанды аралдар мен шекаралық өткізу бекеті. Темір көпірдің салмағы 400 мың тонна екен. Оның жарамдылық мерзімі 120 жыл деп есептелген. Құрылыс жұмыстары 2009 жылы басталған. Жалпы 20 миллиярд АҚШ доллары жұмсалыпты.

Көпірді салған жұмысшылардың айтуы бойынша, алдын ала есеп бойынша 2030 жылға қарай күніне 29 мың көлік, 120 мың адам өтеді деп болжап отыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді