jasqazaq.kz

Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін өзгеріссіз қалдырды

27 тамыз 2020, 14:44

Қытай соты есірткі контрабандасы үшін айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов айтты.

Адвокат Ақжарқынның өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын еске салды.

«2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында Ақжарқынға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Қорғаушы тарап сот үкіміне шағым жасады. Алайда апелляциялық сот үкімін өзгеріссіз қалдырды», — деді заңгер.

Сондай-ақ, ол Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстан колониясына жеткізілуі мүмкін екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы Ақжарқынды Қазақстанға жеткізу мәселесін қарастырып жатыр, оған Ақжарқынның өзінің келісімі қажет. Ақжарқынның Қазақстанға жеткізілуінің нақты мерзімі белгісіз, оның тезірек жеткізілуі — біздің мүддеміз», — деді адвокат.

Еске салайық, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанжоу әуежайында ұсталған болатын. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия