jasqazaq.kz

Қытай пневмониясы Жапонияға жетті

16 қантар 2020, 11:02

Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдықты, — деп хабарлайды Kyodo.

Ер адам жақында ауру ұшқыны байқалған Қытайдың Ухань қаласында болып қайтқан. Бүгінде ол ауруханадан шыққан. Жапония билігі мәлімет жинау мақсатында жедел штаб құрып, вирустың көзін жою шараларына кірісіп кеткен. Қытайлық эпидемиологтар Ухань қаласындағы пневмонияның тарауына жаңа коронавирус себеп болғанын анықтаған. Ол тек өкпенің қабынуына әкеліп соқпайды, сонымен қатар, өмірлік маңызды органдардың қызметін тоқтатуы мүмкін. Көбіне науқас қалтырау және тыныс алудың қиындағанына шағымданады.

Дәрігерлердің айтуынша, осыған дейін бірнеше адам аурудың бұл түріне шалдығып, бір адам көз жұмған. Сонымен қатар, науқастармен тікелей байланыста болған медицина қызметкерлері де бақылауға алынған. Коронавирус — 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш 1965 жылы анықталған. Ауруды көп жұқтыратын объектілер — адамдар, үй жануарлары, құстар, шошқалар және ірі қара мал. Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесінің зақымдануына әсер етуі мүмкін.

Дереккөзі: tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық