jasqazaq.kz

Қытай орта мектептерінің бірінде 7 бала қаза тапты

28 сәуiр 2018, 13:12

Қытайдың Шэньси қаласындағы орта мектепте пышақпен шабуыл жасалып, салдарынан 7 оқушы қаза тапты, 12 адам жараланды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті ер адамды тәртіп сақшылары ұстады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қытай мектептерінде пышақпен шабуыл жасау оқиғалары жиі тіркеледі. Былтырғы жылы ер адам мектепке еніп, 11 оқушыға шабуыл жасаған болатын. Қауіпті оқиғадан ешкім марқұм болмағанымен, балалар ауыр зардап шегіп, емханада әрең ес жиған.

2016 жылы Хайнань елді мекенінде ер адам 10 оқушыға пышақ сұғып, артынша өзіне-өзі қол салған. 2014 жылы тағы бір қылмыскер үш оқушыны пышықпен бауыздап, мерт қылған болатын.

Ең қауіпті пышақ шабуылы Қытайда 2010 жылы тіркелген болатын. Үш күн бойы шабуыл жасаған ер адам әртүрлі мектепте бой көрсеткен. Қытай Білім министрлігі осы оқиғадан соң мектептердің қауіпсіздігін күшейтіп, бөтен адамдардың кіруіне тыйым салған. Сондай-ақ, Қытайды 2010 жылдан бері пышақ сатып алған әрбір адам тіркеуге алынатын болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде