jasqazaq.kz

Қытай ойыншықтарынан денсаулыққа зиянды заттар табылды

07 қараша 2018, 14:38

Ертіс өңірінің эпидемиологтары қытайлық ойыншықтарды бала денсаулығына қауіпті деп таныды. Мамандар ойыншықтардың 85 түрін тексеріп, олардың қатарында аллергиялық ауруларды тудырады деген байламға келді. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

Мәселен, Лол есімді қуыршықтың құрамында стерол мен формальдегид көлемінің артық екені анықталды. Бүгінгі күні ойыншықтың 20-дан астам үлгісі сатылымнан алынды.

Павлодар облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті техникалық регламентті бақылау бөлімінің басшысы Ғалымбек Алиннің айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға сәйкес стерол мен формальдегидтің нормадан тыс болғаны белгілі болған.

«Бұл зиянды заттар аллергиялық ауруларға душар етіп, балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Осы тектес ойнышықтарды саудалаған бизнес өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, яғни, айыппұл салынды. Осындай ескертулер украиналық және ресейлік ойыншықтарға да қатысты болды. Тауарлардың барлығы қауіпті деуге негіз жоқ. Сатып алушылар өнімнің сертификатын талап ету керек. Құжат болмаса, күмәндануға болады», — дейді маман.

Мамандардың айтуынша, тексерілген 85 ойыншық түрінің 25%-ы қате таңбалау салдарынан техникалық регламенттерге сәйкес болмай шықты. Тауарлардың қораптарында Еуразиялық экономикалық Одақ нарығы айналымындағы бірыңғай белгісі мен мемелкеттік тілдегі ақпарат жоқ.

Айта кетейік, ойыншықтардың қауіпсіздігіне қатысты 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді