jasqazaq.kz

Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан арасын жалғайтын теміржол салынбақ

29 маусым 2022, 9:56

Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржол құрылысының ықтимал бағыты жақында Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің жиналысында талқыланды. Бұл туралы Министрлер кабинетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Кеңесте Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев «Торугарт – Макмал — Жалал-Абад» бағыты бойынша темір жол магистралін салу мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.

Оның айтуынша, жобаның тиісті техникалық-экономикалық негіздемесі осы жылдың желтоқсан айында дайын болады.

«Қытай – Қырғызстан — Өзбекстан теміржол құрылысының жобасы — біз ерекше басымдық беретін бірегей жоба. Бейінді мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуі қажет», — деп атап өтті Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров.

«Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» теміржолы — үш елдің, одан әрі Парсы шығанағы елдерінің, еуропалық теміржол желісімен байланысты Түркия Республикасының темір жолдарына жол ашуға арналған теміржол магистралі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр