jasqazaq.kz

Қытай елшісі: Вирус енді жайыла бастағанда немен айналыстыңыздар?

16 наурыз 2020, 14:30

Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо Facebook әлеуметтік желісінде орыс тілінде «Сіздер вирус енді жайыла бастағанда немен айналыстыңыздар?» деген жазба жариялады.

Негізінен, бұл жазбаны бір қарағанда біздің елге қарата жазған сияқты көрінгенімен, мұның АҚШ-қа бағытталғаны анық байқалады. Бұл туралы adyrna.kz жазды.

Қытай елшісінің ренішке толы жазбасын қазақ тіліне аударғанды жөн көрдік:

Сіздер вирус енді жайыла бастағанда немен айналыстыңыздар? Геосаяси ойындармен, ішкі саяси мәселелермен және Қытайды қаралаудан басқа. Қытайлар бүкіл әлемге және сіздерге бағалы өмірін беріп жатқанда сіздер алтын уақыттарыңызды босқа өткіздіңіздер.

Өз елдеріңіздегі Денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктердің індеттің алдын алу жөніндегі ескертулерін «жалған» деп атап, жағдайдың бақылауда екендігін айттыңыздар. Ал қазір вирус штаттардың көпшілігін қамтып, 40-тан астам адам қаза болған кезде, бөрікті аспанға лақтыруды қоя салып, бірден абдырап қалдыңыздар.

Сонымен бірге, өз ғалымдарыңыз тұмаудан қайтыс болған адамдардың көпшілігі шын мәнісінде коронавирустың құрбандары екенін өздері растады, сондықтан, өлім-жітім сіздерде әлдеқайда көбірек. Сіздердің статистикалық мәліметтеріңізде су тым көп. Қандай тұнықтық туралы айтуға болады? Сондықтан сіздерге деген сенімсіздік себепсіз емес.

Пандемия вирусына қарсы төтенше жағдайларды қолданып, арамшөптерді жұлып, тесіктерді бітеудің орынына, сіз Қытайға кінәні артып, вирусты Қытайдан шықты дегеніңіз күлкілі әрі қате болып шықты. Асығыс тұжырымдамалар адамға күмән көлеңкесін тудырады.

Әзірге вирустың қалай пайда болғандығын қоя тұрайық, ол жөнінде ғалымдар айналысады және шындық ерте ме кеш пе ашылады. Қазіргі уақытта, біз бірнеше рет айтқанымыздай, барлық елдер бірігіп, бір-біріне жала жаппай және жауапкершілік жүктеместен осы вируспен күресуі керек.

Кінә артудың қажеті жоқ. Сіздерде маскалар, медициналық қолғаптар, тест сынақтары мен қажетті жабдықтар жетіспейді, сонымен қатар, қор биржасының құлдырауы – бұл да Қытайдың кінәсі ме? Сіздің өз сайлаушыларыңыздан және халықаралық қауымдастықтан көптеген күмәнді жағдайларды жасырғандығыңызды батылдықпен мойындайтын уақытыңыз келді.

Алдын алу шараларына салғырт қарау салдарынан сіз көп уақыт жоғалттыңыз. Осы мағынасыз ойындарды жалғастыру және вирусты саясаттандыру ең нашар жағдайға алып келеді. Вирус қорқынышты, тіпті әлемдегі ең ұлы держава оның алдында осал. Мынаны мәңгі есте сақтау қажет: Су ішкен құдығыңа түкірме…

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде