jasqazaq.kz

Қытай билігі үшінші бала тууға рұқсат берді

31 мамыр 2021, 17:07

Қытай билігі бала тууды шектеу саясатын жеңілдетіп, үш бала тууға рұқсат берді, — деп хабарлайды Reuters.

Мұндай өзгеріс президент Си Цзиньпин төраға болған Саяси бюро отырысында мақұлданды.

«Қытай бала туу саясатын одан әрі оңтайландыру үшін жүзеге асырады: ерлі-зайыптыға үш балалы болуға рұқсат беру», — делінген хабарламада.

Билік жаңа шешім халықтың тез қартаю мәселесін ескере отырып, елдің демографиясын жақсартуға ықпал етеді деп санайды.

«Саясаттың өзгеруі қолдау шараларымен бірге жүреді. Бұл халық құрылымын жақсартуға, қартайған халыққа белсенді қарсы тұру стратегиясын орындауға және адам ресурстарының артықшылығы мен қауіпсіздігін сақтауға ықпал етеді», — делінген агенттік хабарламасында.

Алайда билік шешімі Қытайдағы әлеуметтік желілерде жағымсыз реакция тудырған.

«Егер сіз маған 5 миллион юань (785 650 АҚШ доллары) берсеңіз, мен үш балалы болуға дайынмын», — деп жазды Weibo қолданушыларының бірі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде