jasqazaq.kz

Қытай азаматы айыппұл арқалады

17 наурыз 2021, 17:09

2021 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 12 642 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны үшін 611 адам жауапқа тартылды.

16 наурызда Атырау қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне қала тұрғыны шағымданып келді. Оның айтуынша, әуежай автотұрағында белгісіз ер адам ортақ пайдаланатын орында темекі шегіп, темекі тұқылын жерге тастаған.

Көлік полицейлері түскен ақпарат бойынша жүргізген жедел тексеру және іздеу жұмыстары барысында құқықбұзушыны анықтап, ұстады. Ол Атырау – Алматы бағытындағы әуе рейсімен ұшпақ болған Қытай Халық Республикасының 56 жастағы азаматы болып шықты.

ҚХР азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен, яғни ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Көлік полицейлері Департаменттің жедел қызмет көрсету аумағында қоғамдық орындарда құқықбұзушылықпен күрес жүргізуді жалғастыруда. Тәртіп сақшылары үшін қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың өмір сүру қағидаларына кері әсерін тигізетін ұсақ құқықбұзушылықтарды анықтаудың маңызы зор.

Ақпарат көзі: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия