jasqazaq.kz

Қытай азаматтары Атырау әуежайында жанжал шығарды

26 қантар 2019, 13:01

Қытайдың екі азаматы Атырау – Астана рейсінен түсірілді. Жолаушылар өздерін дөрекі ұстап, тіркеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

Шу шығарғандар туралы Air Astana әуекомпаниясының өкілдері Атырау әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабарлаған. Қызметкерлердің айтуынша, жолаушылар мас әрі дөрекі болған, ескертуге құлақ аспай, әуежай жұмысшыларына тіл тигізіпті.
Тексеру барысында анықталғандай, 40 және 50 жастағы екі қытай азаматы тәртіп бұзған екен. Көліктік полиция қызметкерлері оларды рейстен түсіріп алды. Екеуі де орташа деңгейде мас болыпты.

Полицейлер олардың әрқайсысына 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салды. Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да тәртіп бұзушыларды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде