jasqazaq.kz

Қытай астанасын құмды дауыл басты

15 наурыз 2021, 11:31

Бейжің билігі қауіптің сары деңгейін жариялады және азаматтарға сыртқа шықпауға кеңес берді. Бұл туралы 15 наурыз, дүйсенбі күні таңертең ТАСС агенттігі хабарлады.

Қытай астанасы Бейжіңді күшті құмды дауыл басып, билік қалада қауіптің сары деңгейін жариялады.

Қаланың орталық аудандарында PM 10 ұсақ қатты бөлшектердің концентрациясы текше метріне 8000 микрограммнан асты, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 50 микрограмм/текше метр деңгейінде белгіленген ең жоғары рұқсат етілген нормасынан 160 есе артық, — делінген хабарламада.
Табиғи құбылыс жолдарда кептелістердің пайда болуына әкелді. Болжамдарға сәйкес, дауыл бір күннен кейін ғана басылады.
Осыған байланысты Бейжің басшылығы қала тұрғындарын ашық аспан астындағы іс-шараларды болдырмауға және қажет болған жағдайда сыртқа шықпауға шақырды.

baq.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия