jasqazaq.kz

Қытай айда өсімдік өсіруде

15 қантар 2019, 15:02

Айдың арғы бетіне қонған Қытайдың «Чанъэ-4» зонды Ай бетінде алғаш рет биологиялық тәжірибе жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ай бетінде биологиялық сынақ жүргізу үшін мақта, рапс, картоп, ақшешек, ашытқы тұқымы және жеміс шыбынының жұмыртқасы үлгі ретінде таңдап алынды. Агенттік жариялаған суреттерден Ай бетінде өсімдік тұқымдары көктеп жатқанын көруге болады. Соңғы жіберілген суреттерден байқайтынымыз, күшті сәуле мен температура айырмашылығына қарамастан мақта өскіні жақсы өсіп келеді. Бұл Ай бетінде өсіп шыққан алғашқы өсімдік тұқымы. Ғалымдар биологиялық үлгілердің жай-күйін бақылауды жалғастыруда. Синьхуа агенттігі «бұл Айдың бетіндегі алғашқы биологиялық тәжірибе» деп атап өтті. Айта кетсек, желтоқсан айында Қытай «Чанье-4» зондын ұшырып, 3 қаңтарда ол Ай бетіне сәтті қонды. Қытай 2030 жылға дейін осы салада Ресей мен АҚШ-ты озып, әлемнің негізгі ғарыш державасына айналуды мақсат етіп отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық