Қыстың қамын жаз ойла

11 тамыз 2023, 11:48

Екібастұздың жылу жүйесі қалай жаңартылып жатыр?

Екібастұз тұрғындары былтырғы қарашадан көктем шыққанға дейін дірдек қағып, қыстан әрең шықты. Жалпы екібастұз бен риддер ЖЭО-да Орын алған апат еліміздің жылумен қамту саласында біршама олқылықтардың бар екенін көрсетті. Әбден зәрезап болғандықтан шығар, көктем шыға бүкіл ел аумағындағы жылу қазандықтары мен желілер тексеруден өтіп, жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары да Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды. Президент: «Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек», – деп атап көрсетті.

Ақорданың баспасөз қызметі жазғандай, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз қаласындағы жылумен қамту жүйесін жаңғыртуға Үкімет тарапынан көрсетілген қолдау шаралары туралы баяндады. Қаланың жылу жүйесін жаңартуға Үкімет резервінен 20,6 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, ЖЭО-ғы он қазандықтың бесеуі мемлекетке өтіп, оны жөндеуге 7,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 5,5 шақырым жылу желісін жөндеуге 9 млрд теңге жұмсалады. 2,2 млрд теңге жаңа жылу магистралін салуға бөлінеді. Вице-премьердің айтуынша, бұл биылғы ақпандағы жағдайдың қайталанбауы үшін керек.

«Екібастұзда 689 көп қабатты тұрғын үйден басқа 5,5 мың жер үй бар. Олардың 4,5 мыңы орталықтандырылған жылу желісіне қосылған. Бұл тұрғындар үшін қолайлы болғанымен, қаланы тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етуді қиындатады», – деді Р.Скляр.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов бүгінге дейін магистральдық және орамішілік желілерге жүргізілген гидравликалық сынақтар нәтижесінде анықталған 304 ақау жойылып, 62 шақырым құбыр мен 95 дана бекіту арматурасының 76-сы ауыстырылды. Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 5,4 шақырым жылу магистралі жаңартылып жатыр. Облыс әкімінің айтуынша, Екібастұздағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін екі жобаны іске асыру аса қажет. Бірінші жоба – Екібастұз ЖЭО-на техникалық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін магистральдық құбыр құрылысы. Екіншісі – жаңа жылу магистралінің құрылысы. Бұл қаланың төрт шағын ауданындағы жылу жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз етіп, 9 мыңнан астам қала тұрғынын жылумен қамтамасыз ету өлшемдерін айтарлықтай жақсартуы тиіс.

Талап Тілеген

P.S. Сапар барысында мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарымен кездесіп, қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты. «Екібастұзға ахуалды көру үшін арнайы келіп отырмын. Өткен қыс оңай болған жоқ. Бәрін көрдім, түсінемін. Дегенмен бәріміз бір ұлт, бір ел ретінде ауызбіршілік танытуымыз керек. Қала тұрғындары осы қиын жағдайда сабырлық танытып, шыдады. Азаматтық позициясын, көзқарасын білдірді. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді. Қаражат бөлінді. Бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын», – деді Президент.

Jas Qazaq газеті, 11.08.2023

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде