jasqazaq.kz

Қысқы дизель отыны шығарыла бастады

22 қантар 2021, 14:37

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ға қарасты Атырау мұнай өңдеу зауытында минус 45˚С температураға дейін қатпайтын Altay-45 қысқы дизель отынының алғашқы партиясы өндірілді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестің 403 19154- 38-2020 стандарты бойынша дайындалған ДТ-А-К5 Altay 45 маркалы дизель отыны мұнайды терең өңдеу кешенінің Prime D 3205 дизель отынын гидротазарту қондырғысында шығарылды. Жаңа өнім K5 санатының экологиялық талаптарына сай. Күкірттің аз мөлшерде болуы және төмен температуралық қасиеттерін жақсартатын қоспалардың жоқтығы арқасында өнім арктикалық дизель отынының сапасына сәйкес келеді. Айта кетейік, Атырау МӨЗ – рекордтық қату температурасы төмен отын шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын. Жаңа дизель отынының бірінші партиясы ішкі нарықтағы қажеттілікті өтеу үшін шағын көлемде өндірілді. Алдағы уақытта сұранысқа қарай Altay-45 дизель отынын өндіру көлемі ұлғайтылады. Еске сала кетейік, 2019 жылы Атырау МӨЗ елімізде сол кездегі ең төмен температурадағы Khazar -38 дизель отынын өндіре бастаған еді. Бүгінде зауыт Altay-45 өндірісінің басталуымен сүзгілеудің төмен температурасымен аязға төзімді дизель өнімдері желісін шығаруды жалғастырды. Дизель отынының жоғары сапалы төмен температуралы түрлерін өндіру Атырау МӨЗ-ді үш кезеңдік жаңғырту аясында салынған жаңа қондырғыларды іске қосқаннан кейін мүмкін болды.

Айдос Құсайынұлы

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия