jasqazaq.kz

Қысқартуға ұшырайтын жауапты хатшылар қанша жалақы алады?

03 қыркүйек 2020, 13:43

Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы уақытта қысқартуға ұшырайтын жауапты хатшылардың қанша жалақы алатындығын айтты.

«Жауапты хатшылардың орташа жалақысы бүгінде 685 мың теңгеден басталып, жұмыс өтіліне қарай 815-830 мың теңгеге дейін жетеді», — деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, жауапты хатшылардың бұдан арғы тағдырын тікелей министрлер шешеді. «Басқа министрлікке немесе ведмоствоға жіберу – бұл тікелей бірінші басшының өкілеті. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселеге қатысты нақты ұстанымын, бірінші кезекте жауапкершілік мәселесін айқындап берді. Әрбір министрлікте жауапкершілік министрдің өзіне жүктелуі тиіс. Бүгінде жауапты хатшы институты 15 министрлікте бар және аппарат басшыларының қызметтік міндеті «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда нақты жазылған», — деді Ералы Тоғжанов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде