jasqazaq.kz

Құс тұмауы: СҚО-да тағы алты ауыл карантинге жабылады

23 қыркүйек 2020, 12:12

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралу аумағы кеңейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер бұған дейін 11 ауыл карантинге жабылған болса, бүгін тағы 6 елді мекенге шектеу шаралары енгізіледі. Олар Айыртау ауданындағы Қарақамыс, Жамбыл ауданындағы Екатериновка, Қызылжар ауданындағы Архангельское, Красный Яр және Пресновка, Тимирязевский ауданындағы Белоградовка ауылы. Бұл туралы облыстағы ветеринария басқармасы хабарлады. Олар тиісті қаулы қазірдің өзінде дайын екенін және әділет органдарында тіркеуден өтіп жатқанын атап өтті. Осылайша, құстардың жаппай қырылуы 17 ауылда ресми тіркелген. Жеке фермалардағы өлген құстардың саны 13 мың басқа жетті. Сонымен қатар құс фабрикаларында шығындар бар. Өңірде өтемақы төлеу әлі басталған жоқ, бірақ арнайы комиссия құрылды. Әкімдік өлген құстарды жою және актілеу жұмыстары республиканың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының қаулысы шыққаннан кейін басталатынын айтты. Сондай-ақ аймақта құс тұмауына байланысты 5 қыркүйекте басталған құстарға күзгі аң аулау маусымы тоқтатылуы мүмкін. Әкімдік бұл мәселе бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жіберген.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде