jasqazaq.kz

Құрылыс алаңында екі жұмысшы қаза болды

09 қараша 2019, 11:29

Шымкентте құрылыс алаңында үш техниканы топырақ басып қалып, екі жұмысшы көз жұмды. Қайғылы оқиға кеше түнде сағат 21.15-те Нұрсәт мөлтекауданында орын алған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тоғыз қабатты үйге 25 метрлік тереңдікте шұңқыр қазу кезінде қабырғасы құлап кеткен. Салдарынан шұңқырды қазып, тегістеп жатқан үш техника (1 жүк тиегіш, 1 кран және 1 жол тегістейтін каток) жүргізушілерімен бірге үйіндінің астында қалған. Құтқару жұмыстарына ТЖД (40 қызметкер, 11 техника), жергілікті атқарушы орган (10 жұмысшы, 2 техника), ПД (15 қызметкер, 2 техника), «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС (35 жұмысшы, 2 техника), «103»қызметі (4 қызметкер, 2 техника) жұмылдырылды. Құтқарушылар бір техниканы шығарып, оның жүргізушісі аман қалды.

«ЮгСтройСервис-Н» ЖШС-на қарасты көп қабатты тұрғын үйдің ірге тас шұңқырын қазу кезіндегі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен 1993 ж.т Т. Төлебаевқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық-емханалық ем тағайындалды. Ал, үйінді астында қалған 1969 ж.т Б.Қалжігітов пен 1965 ж.т. Е. Орынбаев оқиға орнында көз жұмды. Шұңқырдың жалпы көлемі 1369 шаршы метр, тереңдігі 20-25 метр. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды«, — делінген хабарламада. Құтқару жұмыстары бес сағатқа созылды. Қазіргі таңда құрылыс алаңында тексеру шаралары жүргізіліп, қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталуда.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда