jasqazaq.kz

Құрылтай депутаттары Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай үндеу жариялады

Бүгін, 16:26

Құрылтайдағы барлық фракция атынан депутат Дихан Қамзабекұлы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай үндеу оқыды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
«Өздеріңізге мәлім, жыл басында Президентіміз тарихи белестің маңызын атап өтіп, ел дамуындағы жаңа кезеңге өтумен пара-пар екенін айтты. Біз бүгініміз үшін де, ертеңіміз үшін де бірлесе тынбай еңбек етуге тиістіміз. Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығын алдағы өсу көкжиегімізді, нақты мақсат-мүддемізді айқындайтын жауапты кезеңге айналдыруымыз керек», – делінген үндеуде.
Депутаттар бүгінде әділеттілік, заң мен тәртіп барлық салада мызғымас қағидаға айналғанын атап өтті. Бұл ретте еліміздің ортақ еңбегінің басты нәтижесі экономикадағы қарқынды өсім болды. Жеті жылдың ішінде жалпы ішкі өнімнің көлемі шамамен 2,5 есе өсіп, 398 млрд долларды құрады.


Сонымен қатар депутаттар ел әлеуетін арттыратын жобаларды, ең алдымен, Мемлекет басшысы Жолдауында жария еткен ауқымды «Халықтық құрылыс» жобасын іске асыруға бірлесе атсалысуға шақырды.
«Дәл бүгін жұдырықтай жұмылып, ұлт болып ұйысып, Президентіміз жариялаған «Құрылыс және тағы да құрылыс!» халықтық бастаманы нақты іспен қолдауымыз керек. Тіпті, бұл — әрбіріміз үшін абыройлы міндет! Мұны 35 жылдық белес аясында басталған тегеурінді, ауқымды жоба деп айта аламыз. Халық игілігіне арналған жүздеген әлеуметтік, ал ауыл-аймақтарда мыңдаған инфрақұрылымдық нысандар салынып, баршаның пайдалануына беріледі. Әділеттіктің жалпыұлттық құрылысы – осы күнге өнеге, келешекке мақтаныш болады деп сенеміз», – делінген үндеуде.

JQ-Aqparat

Сурет: t.me/quryltairesmi

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде