jasqazaq.kz

Қырыққабат депутаттар үйінің алдында өсіп тұр

23 тамыз 2018, 12:56


Депутаттарға арналған «Нұрсая» тұрғын үйі кешені маңайында ерекше гүлзарды отырғызды. Ол жерде «декоративті қырыққабат» атты гүлдер өсіп жатыр.

 ҚазАқпарат  жазғандай, «Астана-Зеленстрой» АҚ-сы өндірістік жұмысқа жауапты Дидар Телжанұлының айтуынша, бұған дейін декоративті қырыққабат қаланың бірнеше жерінде егілген. Алайда осы жолы Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысына отырғызғаннан кейін астаналықтар ерекше гүлзарды бірден байқаған.

«Иә, оны «декоративті қырыққабат» дейді. Бірақ ол жейтін қырыққабатқа жатпайды. Өскеннен кейін гүл болып ашылады. Оны өзіміздің жылыжайымызда өсіреміз. Негізі, декоративті қырыққабатты отырғызып жатқанымызға біраз болды. Бұған дейін көрінбейтін жерге еккеннен кейін кісілер байқамаған да шығар. Биыл «Нұрсаяның» жанына отырғыздық. Содан адамдар бірден көрген болар», — дейді Д.Телжанұлы.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді