jasqazaq.kz

Құрт істейтіндердің видеосы жұрттың ашуына тиді (видео)

04 наурыз 2021, 11:04

Өзбекстандық әлеуметтік желілерде Самарқанд облысында әйел адамның құртқа арналған қоспаны аяқпен дайындап жатқаны туралы видео тарады, — деп хабарлайды Podrobno.uz және Xabar.uz.

Видеоны STV самарқандтық телеарнасы көрсетті. Кадрларда құрт жасауға арналған сүзмені аяғымен таптап жатқаны көрсетілген.

Тағы бір видеода бір топ адам құртты антисанитария жағдайында, жерде дайындап жатқаны көрсетілген. Видео әлеуметтік желіде тез тарап, желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Видео TikTok-та тарағаннан кейін бірнеше күннен соң Sevimli телеарнасы оқиға орнына барып, репортаж түсірген. Оқиға Самарқанд облысы, Іштіхан ауданында болған. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының қызметкерлері норма сақталмаған жағдайда дайындалған құрттың барлық партиясын жойды.

Ал видеодағы әйел жақында босанғандықтан құртты қолмен дайындайтын жағдайы болмағанын айтқан. Күйеуі үйде болмаған, сондықтан құртты аяқпен дайындауға тура келген.

Құрт дайындау процесін көрші әйел видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Видео авторы ешқандай жаман ойы болмағанын, ал видеоға бұрын ондай нәрсені көрмегендіктен түсіргенін айтқан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия