jasqazaq.kz

Құрсағындағы сәбиін саудаға шығарған (Видео)

14 мамыр 2021, 21:27

Елімізде бауыр еті баласын ақшаға сататындар мен бөтен біреуге бере салатындар көбейді. Тіпті,кейбіреуі әлі дүниеге келмеген сәбиді саудалап, әлеуметтік желіні шулатып жүр. Сондай-ақ жетімдер үйінен асырап алған баласын кері қайтаратындар да жиі кездеседі. Құрсақтағы сәбиді сатуға не себеп? Онсыз да тағдырдың теперішіне ұшыраған баланың жүрегі неге жараланады? Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Қазір сәбиін саудалайтындар көп. Ғаламторға «бала асырап аламын» деп жазсаң болды. Өздері-ақ хабарласады. Біз де құрсақтағы шақалағын сатуды көздеген әйелді қиналмай таптық.

Ішіндегі баласын 300 мың теңгеге беремін деген келіншектің жасы небәрі 21-де. Айтуынша, ресми некеде болып, кейін ажырасып кеткен. Дәм-тұзы жараспаған жұптың бір қызы бар. Дімкәс. Оны емдету үшін құрсағындағы сәбиін сатпақшы болыпты. Бұл бір ғана мысал, ал қоғамда мұндай жағдай жиі кездеседі.

БЛИЦ:

— Психотерапевтке бару керек.

— Жоқ, олай дұрыс емес қой. Алғаннан кейін алу керек қой өзіне ответственностті. Ол да баласы тәрізді өсіруі керек.

Шақалақ жарық дүние есігін ашпай жатып, тағдырдың тәлкегіне түссе, жетімдер үйіндегілердің де жағдайы мәз емес. Асырап алынған балалардың да қараусыз қалып, мемлекетке кері қайтарылғандары бар.

Дулат ЖЕКЕБАЕВ, ҚР БҒМ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі таңдағысы 4254 бала. 4254 бала, бұл бары. Бірақ, жыл сайын бұл жетімдер үйіне балалар жан-жақтан келіп жатады. Отбасылық тәрбиеге беріліп жатады.Түсіндіңіз бе?! Осынындай жылына 1000 шақты бала. Бір жылы 974 болады, бір жылы 1100 болады. Яғни, орташалап алғанда 1000 шақты бала. Осының 18-20 проценті дейін болып жатады.

Маманның айтуынша, ата-ананың баладан бас тартуына бірнеше себеп бар. Бастысы- қаражаттың жетіспеуі, ал кейде -екі тараптың тіл табыспауы да түрткі болады,дейді.

Дулат ЖЕКЕБАЕВ, ҚР БҒМ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Басты себеп бірегейі деп айтуға болады, ата-ана мен баланың арасындағы мынау психологиялық бір-бірімен тіл табыспау.Неге? Себебі, болашақ ата-аналар балалы болудан бұрын алдын-ала психологиялық тұрғыда дайындықтан өтпеудің себебі.

Мәселені шешудің бір жолы ретінде былтыр Алматыда бейби бокс ашылды. Бұл көкек аналардың баланы көшеге, қоқыш жәшігіне тастамауы үшін, сәбилердің қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған еді. Бірақ, арнайы орынға осы уақытқа дейін ешкім бала қалдырмаған. Керісінше, безбүйрек ананың жауыздығынан даладағы ит-құсқа жем болғандар көп.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде