
Ресейдің Омск облысында жүкті қыз ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ол құрсағындағы нәрестеден құтылу үшін өзінің ішіне пышақ сұққан деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
17 жастағы оқушы қыз жүктіліктің 24-26 аптасында болған. Ауруханада есін жиған ол дәрігерлерге пышақтың үстіне абайсызда құлап кеткендігі жайлы айтқан. Алайда дәрігерлер оның айтқан сөзіне иланбады.
Ақ халаттылар қызды да, нәрестені де аман алып қалған.
Белгілі болғандай, оқушы қыз үлгілі отбасыдан шыққан. Жоспарланбаған жүктілік болғандықтан, оқушы осындай әдіспен нәрестеден құтылғысы келді деген күдік бар.