jasqazaq.kz

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады

30 қазан 2020, 11:15

Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарын сұрап, көмектесуін өтінді. Бұл туралы Қырғызстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Қырғызстан СІМ өкілі қаржылай-техникалық көмек көрсету мүмкіндігін де қарастыруды өтінді.

«Министр Руслан Қазақбаев қазақстандық тараптап Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіне қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек және қорғаныш құралдарын беруді сұрады. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары жүк тасымалдаушылар үшін Қырғызстан-Қазақстан шекарасында қолайлы жағдай жасау керегін атап өтті», — деп хабарлады Қырғызстан СІМ басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады. Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының тармақтарын қоса алғанда, елдер арасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады.

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия