jasqazaq.kz

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа тағылған айыптар алып тасталды

20 желтоқсан 2021, 13:05

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Мәскеуге ұшып кетті. Бұл туралы бұрынғы мемлекет басшысының әріптесі Бекболот Талғарбеков айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысына тағылған барлық айып алып тасталған — Ақаевқа қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Тергеуде оның да, оның жақындарының да «Кұмтөр» жобасынан ақша алмағаны анықталды.

«Асқар Ақаевтың Centerra Gold Inc.-те бірде-бір акциясы жоқ. 2003 жылы Үкімет Centerra құру туралы шешім қабылдады. Келісімді құрамына «Қырғызалтын» кірген мемлекеттік комиссия, оның ішінде Үкімет пен парламент өкілдері, соның ішінде Ақылбек Жапаров та дайындады. Үкімет тек келісімді мақұлдады. Оған дейін бұл келісімді Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының сарапшылары қарастырды. Олар оң қорытынды берді», — деді Бекболот Талғарбеков.

Ол егер қылмыстық істі тергеу барысында Асқар Ақаевқа қандай да бір сұрақтар туындаса, оны қайтадан куәгер ретінде жауап алуға шақыруы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, 2 тамызда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың Бішкекке оралғаны белгілі болды. Ол осыған дейін «Құмтөр» жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікпен іздеуде болған. Ол бірден ҰҚК ғимаратына жеткізілді, онда оның қатысуымен кен орны бойынша қылмыстық іс аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Кейін Асқар Ақаев Қырғызстан астанасына 14 желтоқсанда ұшып келген болатын.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр