jasqazaq.kz

Қырғызстанның екі депутаты Қазақстанмен шекарада ұсталды

27 қараша 2022, 11:41

Қырғызстан парламентінің екі депутаты Эмиль Жамгырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков қырғыз-қазақ шекарасынан өткізілмеді. Бұл туралы 24.kg жазды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттар Қазақстанға жеке шаруаларымен келмек болғаны нақтыланды. Алайда олардың «Ақ-Жол-автожол» бақылау-өткізу бекеті арқылы өтуіне рұқсат берілмеген. Кейбір мәлімет бойынша, ол жерге арнайы қызмет өкілдері жетіп, екеуін де Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне алып кеткен.

24.kg ақпарат агенттігінің мәліметінше, Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы дауыс бергендердің қатарында Эмиль Жамгырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков бар. Екеуі де «Альянс» фракциясының мүшелері.

Кейін парламент депутаты Эльвира Сурабалдиева Twitter парақшасында Эмиль Жамгырчиевтің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен босатылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, әріптестері Эмиль Жамгырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков Қордайдағы (Қазақстан) өткізу бекеті арқылы жерлеуге бара жатқан.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта