jasqazaq.kz

Қырғызстаннан жеткізілген балалар киімінен улы заттар табылды (видео)

23 ақпан 2018, 10:45

Қарағандыда балалар киімдерінен улы зат табылды. Күртелер, жейделер мен белдемшелер тіпті жаңа туған нәрестелерге арналған ит көйлектерден де қауіпті газ — формальдегид — анықталған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Бұл киімдердің барлығы Қырғызстаннен әкелінген. Кәсіпкерлер оларды Алматы, Бішкек қалаларының базарларынан тасиды. Олардың құрамында формальдегидтің мөлшері өте жоғары. Бұл балаларымыздың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Адамның денесіне біртіндеп сіңіп ауыр дерттерге шалдықтырады», — дейді Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Юрий Залыгин. Санитарлардың айтуынша, улы зат тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесін зақымдайды. Көз, тері ауруларына шалдықтырады. Сондықтан мамандар ата-аналарға иісі өткір киімдерді сатып алмауға кеңес береді. Өйткені қырғызстандық киім саудасына тосқауыл қою мүмкін болмай отыр. 2017 жылы тексерулер нәтижесінде 40-қа жуық кәсіпкерге ескерту жасалып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Алайда, жоспардан тыс тексеруге ілікпеген сауда нүктелері жетерлік. Мамандар саудагерлер киімдер туралы ақпараттарға, өндірілген орны мен мата құрамына мән бермейтінін айтады. Көпшілігінде сапа сертификаты да жоқ болып шыққан.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды