jasqazaq.kz

Қырғызстанға бензинді пластик құбырмен өткізген (видео)

13 қараша 2021, 10:58

Жамбыл облысынан Қырғызстанға жанармайды заңсыз тасымалдаушылардың қулығы әшкерленді. Айлакерлер көрші елге бензин мен жанармайды жерасты құбыры арқылы жеткізіп отырған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Меркі ауданындағы шекаралас ауылдардың бірінде түсірлген видео. Оны жергілікті тұрғын телефонға жазып, әлеуметтік желіге жүктеген. Автордың сөзінше, пластик құбырдың ұзындығы бір шақырымға жуықтайды. Оның басы Қазақстаннан басталып, соңғы Қырғызстаннан аяқталады. Әзірге құбырдың қай уақытта төселгені және ол арқылы көрші елге қанша көлемде бензин мен дизель отынының өтіп кеткені белгісіз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі бұл деректі шекара жасағының бірі анықтағанын айтып отыр. Қазір контарабанда тобын іздестіріп жатыр.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр