jasqazaq.kz

Қырғызстанға барып емделуге мәжбүр

24 мамыр 2019, 13:46

Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Жамбыл облысы Қордай ауданы тұрғындарының медициналық көмек алу үшін көрші Қырғыз еліне баратындығына алаңдаушылық танытты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қордайда да мәселе бар. Бұл тек әлеуметтік қана емес, сонымен бірге саяси да мәселе. Біздің Жамбыл облысының, оның ішінде Қордай ауданының тұрғындары емханалардың материалдық жағдайының төмен болуына байланысты дәрігердің тексеруінен өту үшін Қырғызстанға барады. Ал бұл 150 мың тұрғыны бар үлкен аудан саналады», — деді ол бүгін Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының отырысында. Осыған орай депутат аталған ауданда ауруханалар мен емханалар салу қажеттігіне баса назар аударды. «Қазақстан тұрғындарының тексеруден өту үшін Қырғызстанға баруы ұят емес пе. Емханалар мен ауруханалар салу қажет шығар. Қалай десек те мұндай стратегиялық мәселеге назар аударуымыз керек», — деді Әли Бектаев.

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді