
Қырғызстанның орталық алаңында президент Сооронбай Жээнбеков жақтастарының қатысуымен митинг өтуде. Бұл туралы АКИpress хабарлады.
8 қазан күні таңертең Ош қаласының орталық алаңында адамдар жинала бастады. Алаңға 5 киіз үй орнатылған. Жиналғандардың арасында Сооронбай Жээнбековтың жақтастары да бар.
Бейбіт митингке 200-ге жуық адам жиналған. Сондай-ақ алаңда атқа мінген шабандоздар да болды. Олардың бірі бұрынғы үкіметтің қалпына келуін және мәселелердің заңды жолмен шешілуін қолдайтынlарын айтты.
Сооронбай Жээнбековтың жақтастары елдегі тыныштық үшін заңсыз әрекеттерге бармайтынын жеткізді. Олардың айтуынша, президент өз жұмысын қайта жалғастыруы керек.