jasqazaq.kz

Қырғызстанда партияның үгіті қырғын төбелеске әкеп соқты (видео)

21 қыркүйек 2020, 11:21

«Мекеним Кыргызстан» партиясының ресми мәлімдемесіне сәйкес, 20 қыркүйекте партия үміткері Илхом Маннанов Араван ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу өтізіп жатқанда арандатушы топ шатақ шығарған. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 12 адам зардап шеккен.

Ақпаратқа сәйкес, жанжалдан кейін «Мекеним Кыргызстанның» бірнеше өкілдері ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі Ош аймақтық ауруханада ауыр халде жатыр.

«Биримдик» партиясы бұл оқиға бойынша мәлімдеме жасап, арандатқандар заң алдында жауа беруі тиіс деді.

Әлеуметтік желі қолданушылары аталған екі партияның үміткерлері арасында жанжал шыққанын жазып жатыр. Бірақ партиялар бұл мәліметті растамады.

20 қыркүйек күні кешкісін Араван ауданында «Мекеним Кыргызстан» партиясы үгіт жүргізіп жатқанда ұрыс шығып, 12 адам дене жарақатын алып, ауруханаға түскен. Олардың біреуі ауыр жағдайдайда, — деп хабарлады Азаттықтың қырғыз қызметіне Ош облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Жеңишбек Аширбаев.

Қазір бұл іске байланысты 10 адам ұсталып, жауап беріп жатыр.

https://twitter.com/BakytTorogeldi/status/1307744940269752321?s=20

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде