jasqazaq.kz

Қырғызстанда парламент спикері президент болудан бас тартты

15 қазан 2020, 20:51

Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров парламент спикері президенттік өкілеттігін орындаудан бас тартқанын мәлімдеді. Яғни жоғарғы билік Жапаровтың өзіне өтеді.

«Президент пен премьер-министрдің өкілеттіктері маған берілді», — деді ол.

Айта кетейік, 10 қазанда бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды, ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеген.

Кейін Қырғызстан парламенті Жапаров бастаған министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекітті.

Еске салайық, 5 қазанға қараған түні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылыққа шыққан. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін Парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары Ақ үйді басып алды.

Ресми мәліметтер бойынша, қақтығыстарда 1,2 мыңнан аса адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде