
Ұйыққа тартқан қарыз. Мемлекет берешегін тұрғындарға теңдей бөлетін болса, айырқалпақты ағайындардың еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін 735 доллар, яғни 50 мың сом қарыз болып шығады. Қырғыз билігінің бұл басқа түскен баспақшылдан қалай құтыламыз деп бастары қатқан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
2027 жылы Қырғызстан қарызын қаласын, қаламасын төлейді. Ол үшін қазына қаржысынан 400 млн доллар бөлінуі тиіс. Қазіргі уақытта көрші елдің берешегі 4 млрд доллар, ол 415 млн теңгеге тең. Өткен аптада көрші елдің қаржы министрлігі Бюджет кодексіне түзету енгізді. Заң жобасы қабылданса 2020 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Бұл қарыз мәселесін біржақты етуге септігін тигізеді дейді сарапшылар.