jasqazaq.kz

Қырғызстанда мас жүргізушінің кесірінен 6 бала көз жұмды (Видео)

21 маусым 2024, 11:25

Қырғызстанда көлік тоғанға құлап, салондағы сегіз баланың алтауы суға батып кетті.

24.kg хабарлағандай, оқиға кеше, 20 маусым кешке Қара Балта ауылы маңында болған. Volkswagen Jetta жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып тоғанға құлаған.

Көлікте үш ересек пен сегіз бала болған. Төрт пен тоғыз жас аралығындағы алты бала суға батып кетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері.

Қара Балтаның 40 жастағы тұрғыны әйелі және төрт баласымен бірге № 3 тоғанға демалуға келген. Олардың жанында ер адамның әпкесі және оның төрт баласы — бас-аяғы үш ересек және сегіз бала болған.

Демалыстан қайтып келе жатқанда жүргізуші көлік руліне ие бола алмай, суға құлайды. Көлік жүргізген адам мас болған.

Жүргізуші, оның әйелі, үш айлық қызы, ер адамның әпкесі және оның жеті жасар қызы аман қалды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Сот-құқықтық сараптама тағайындалды. Тергеу аясында жүргізуші ұсталды.

Шу облысының ішкі істер басқармасы жүргізушінің балаларды «шомылуға болмайды» деген белгісі бар жерге әкеліп, онымен қоймай мас болып көлікке отырғанын, осы жағдай олардың өліміне әкелгенін хабарлады.

Ер адам қамауда отыр. Тергеу жалғасуда.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде