Қырғызстанда Бүкілресейлік мемлекеттік теледидар және радиохабар тарату компаниясы телеарналарынан хабар тарату уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «Ақнет» байланыс операторы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Бірқатар елдерде бүкілресейлік телеарналарды таратуға заңнамалық шектеулер қабылдануына байланысты халықаралық спутниктерде БМТРТ телеарналарын тарату біржақты түрде тоқтатылды. Осы себепті Россия Культура, Россия 24 және Звезда телеарналарын тарату уақытша болмай тұр», — делінген хабарламада.
Оператор қазіргі уақытта тұрақты сигнал беру үшін резервтік хабар таратуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын қосты.