jasqazaq.kz

Қырғызстанда бала сатумен айналысқан дәрігерлер ұсталды (видео)

12 қыркүйек 2018, 13:11

Бала сатқан дәрігерлер қолға түсті Қырғызстан милициясы жаңа туған сәбилерді сатумен айналысты деген күдікпен бір топ дәрігерлерді ұстаған.
КТК  жазғандай, қазір тергеу абақтысында Бішкек емханаларында жұмыс істеген үш медициналық қызметкер отыр. Оларға қарсы «адам саудасы» бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Тергеу амалдары жүріп жатыр. Аяқталған соң, мән-жайды толық айтамыз», – деді Қырғызстанның ІІМ өкілі Карима Асанғұлова. Әзірге жаңа туған сәбилерді қандай перзентханада сатып келгені белгісіз. Ресми емес мәліметке қарағанда, аналарды босандырған дәрігерлер ата-анасына сәбидің өлі туылғанын хабарлап, тіптен сәби мәйітін көрсетіп келген. Ал дені сау баланы сатып отырған. «Құқық қорғау органдарының қолдауынсыз, мұндай ауыр қылмысты дәрігерлер өздері жасай алмайды. Бұл үлкен қылмыстық топ болып тұр», – деп болжайды Балалар құқығын қорғау лигасының басшысы Назгүл Турдубекова. Турдубекованың сөздерінше, Қырғызстанда әрбір жаңа туған сәби жөнінде ақпарат беретін автоматтандырылған жүйе енгізу керек.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді