jasqazaq.kz

Қырғызстанда ауылға қалалықтарды кіргізбей жатыр

01 сәуiр 2020, 10:31

Қырғызстанның Ош облысындағы Тоғайлы ауылының жастары қолдан тосқауыл бекетін құрды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылға басқа елді мекендердің тұрғындары, соның ішінде қонаққа келушілер кірмейді. Әкімдіктің рұқсат қағазы бар адамдар ғана ауылға кіре алады. Бұл туралы zakon.kz turmush.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің ауылымыздың қауіпсіздігі үшін ауыл жастары жиналып, ақылдасып, пост құрды. Бізде көпір бар, оның екі жағын шынжырмен жауып тастадық. Жастар күн сайын алмасып кезекшілік етеді. Алдымен 1989 жылы туған ауыл тұрғындары кезекшілікке кірісті. Қазір постта 1986 жылғылар тұр. Бекетте жай тұрмаймыз, ауылға кірген көліктерді зарарсыздандырамыз», — деді Адыл Қалилбайұлы.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындары дезинфекцияға қажетті барлық материалдарды, соның ішінде хлорды да алып келген. Сонымен қатар, көшелерде жастар ауыл тұрғындарын үйде болуға шақырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде